Bugin event

Қостанайда "сібір жарасы" тіркелді

12 шілдеде санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті Денисов ауданында үш адамның сібір жарасын жұқтырғанын хабарлаған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платормасы хабарлайды.

12 шілдеде Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті Денисов ауданында үш адамның сібір жарасын жұқтырып, Қостанайдағы инфекциялық ауруханаға түскенін хабарлаған. Департамент мамандарының айтуынша, науқастарға қауіпті індет малдан жұққан.

Келесі күні облыстық ветери­нария басқармасы Денисов ауда­нындағы Свердлов ауыл­дық ок­ругіне қарасты При­реч­ный ауы­лындағы мал бордақы­лау­мен айналысатын «Алтай» се­рік­тестігіне тиесілі ірі қаралар­дан сібір жарасының қоздырғышы табылғанын мәлімдеді. Іргелі шаруашылықтың 20 шақты малы қырылып қалған соң, 30 мау­­сымда ветеринарлар ПТР әді­сі­мен диагностикалық зерт­теу жүргізген. 

– Науқастар қазір арнайы ем алып жатыр. Бұл адамдар При­­речный ауылындағы жауап­кер­шілігі шектеулі серіктес­ті­гін­де жұмыс істеген. Олар сі­бір жарасын мал бағып жүріп немесе мал сойып, оны мүше­леп жатқанда жұқтыруы мүм­­кін. Эпидемиологтер мен ве­те­­ринар дәрігерлер сібір жа­­ра­­сының қоздырғышын анық­­тап, індет ошағында эпи­де­­мия мен эпизоотияға қар­сы про­филактикалық іс-шара­лар­ды жүр­гізіп жатыр. Індет шар­пы­ған аумақта болған адам­дар анық­талды, олардың бәрі бак­терия­ға қарсы профилактикалық ем алып жатыр. Одан кейін оларға сібір жарасына қарсы вакцина егіледі. Бұдан өзге індет ошағы анықталған жоқ. Әдетте қауіпті індет сібір жарасынан қырылған мал көмілген жерлерден жұға­ды. Өкінішке қарай, мал бағуға ты­йым салынғанына қарамастан, тұрғындар мұндай жерлерді жа­йылымға айналдырып алатын жағдайлар жиі кездеседі. Алайда бұл ферманың маңайында ескі сібір жарасының көмінділері жоқ. Сондықтан індеттің таралуына күннің аптап ыстығы себеп болуы әбден мүмкін, – деді Л.Налобина.

Ветеринар мамандардың болжамынша, жыртқыш аң-құстар мен дала кеміргіштері сібір жарасы бациласының спораларын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін.

Облыстық ветеринария бас­қармасының ресми мәліметі бо­йынша, Денисов ауданының бас­қа елді мекендерінде, жал­пы Қостанай облысында эпизо­о­тиялық жағдай тұрақты. 12 шіл­­деден кейін індет ошағының ма­­­ңайында мал өлімі тіркелген жоқ. Қазір індет ошағы ка­ран­тинге жабылды. Вакцина егіл­ген малдың бәрі ветеринар ма­ман­дардың бақылауында. Індет толық жойылып, қорытынды зарарсыздандыру жүргізілгеннен кейін 15 күн өткен соң карантин алынады.