Экономика

Елде газ өндірісін дамытуға қыруар қаражат жұмсалмақ

Елде газ өндірісін дамытуға 1 миллиард АҚШ доллары жұмсалады. Соның аясында бірнеше жоба жүзеге асырылмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бір миллион АҚШ долларына атқарылатын жобалардың ең ауқымды үшеуін атап өтейік. Атырау облысында газ өңдейтін зауыт салынады. Қазір құрылыс жұмыстары басталып кеткен. 2023-ші жылдың төртінші тоқсаныда аяқталуы тиіс.

Жобаның жалпы құны 860 миллион доллар. Жылына 1 миллиард текше метр шикі газды өңдеп, 800 миллион текше метр тауарлы газ шығарады. Сондай-ақ Қашаған 2А Фазасында шикі газды өңдеу қуаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілмек.

Бұған қоса Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыты салынады. Жобаға 350 миллион АҚШ доллары жұмсалады. Кәсіпорын жылына 760 миллион текше метр өңделген газ шығарады. Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда Маңғыстауда қазір жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының құрылғылары ескірген. Жаңа зауыт құрылысы екі жылдан аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде 2024 ші жылы елде 62 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Оған дейін тұрғындардың 55 проценттейі табиғи газға қосылады.