Тәрбие

Әлем - балалардың көзімен!

1 тамыз күні Шымкент қаласында «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Әлем балалар көзімен» атты қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 тамыз күні Шымкент қаласында «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Әлем балалар көзімен» атты психоневрологиялық ауруға шалдыққан және тірек қимылында ақауы бар балаларға қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауына, еңбекке баулуға және тиімді уақыт өткізуіне жағдайлар жасау. Шарада арнайы мамандардың кеңестері тыңдалып, қызықты ойындар ойнады. Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, тәттілер таратылды.