Bugin event

Тойханаларға тексеру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев,  тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлері  тойханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгінде той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында  Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында 24/7 кезекшілік етуде. 

Сондай-ақ  рейд барысында Мега және Цум сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі ойын-сауық кешендерінде  сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз  жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер  жоқ. Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың  басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.


Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді.