Bugin event

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары малын жаппай союға мәжбүр

Жұрт малға беретін жем-шөп жоқ деп шағымданып отыр. Өйткені шөптің бағасы бірнеше есе өсіп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын жем-шөп тоннасына 10 мың теңгеден болса, қазір құны 40 мың теңгеге жетеді. Қысқа дайындалу үшін кем дегенде миллион теңге жұмсау керек, дейді фермерлер.

"Оны (бұзау. - ескерт.) ешкім сатып алмайды. Алты айлық. Қанша күшімді салып, жемдедім. Енді союға тура келеді. (...) Тракторды сатып алдық, трактор бар. Бірақ әлі роторды (шөп шапқышты - ескерт.) сатып алу керек. Ол 500 мың тұрады. Мұның бәрі шөп шабу үшін ғана. Шөпті барып, қолмен орып алу мүмкін емес. Бір сиыр болса жарайды, ал жетеуі болса ше?", - деп шағымданды Покровка ауылының тұрғыны Наталья Фабер.

"Бізге 200 түк шөп қажет. Ол үшін 2,5 миллион теңге төлеу керек. Бізге тиімсіз. Олар шөпті оңтүстікке жібереді. Мен олардың неге бұлай істейтінін түсінбеймін", - деп бөлісті Покровка ауылының тұрғыны Сергей Фабер.
 
Шенеуніктер мұндай бағаны алғаш рет естіп отырғанын айтты. Олар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге түкті бес мың теңгеден сатуды тапсырған.