Bugin event

Белгілі журналист блогер жаттығуынан соң қаза тапты

Телевизия ардегері, белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ол өзінің фейсбук парақшасында Бакеева АйнаАльмуратовна есімді  инстаграмда @densaulik_деген аккаунтпен белгілі  блогердің көрсеткен жаттығуларын жасап жатқанын және содан кейін жағдайының күрт нашарлап кеткені туралы айтқан.

Марқұмның соңғы жазбасын оқығандар әртүрлі пікірлер білдіреп жатыр.

Ботагөз Зорбаева : 

-Әрбір нәрсенің, дәрі-дәрмектің немесе тағамныңда әсері әркімге әртүрлі әсерін беруі мүмкін...Сол үшін ешкімді жазғырудың қажеті жоқ... Ағза әркімде әрқилы қызмет жасайды...Иманды болсын ...Мүмкін өкпесіндегі зақым өтісіп кеткен т.е ұлғайып кеткен түрі болды ма екен кім білген..Жаттығудан дені сау адам өлмейді ғой..

Сәуле Досжанова: 

-Осы бір әйел бажылдап бірдеңе айтады да жатады. Тыңдамаңыздар!

Вакцина алыңыздар!

Ауырған жағдайда да жеңіл өтеді. Өз басымнан өтті. Қалеке!

Алла жар болсын!

Бұл жағдай журналистер арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Олар желіде тараған кез келген ем түрін пайдалануға әуес жандаралы алдымен ақпаратты сүзгіден өткізуге шақырады.

Авторы: Мөлдір Адамжан