Bugin event

"Алтын белгіге 97 миллион": Министр шығын мәнісін түсіндірді

Жыл сайын мектеп түлектерінің "Алтын белгісі" үшін жұмсалатын қаражатты кім бөледі және бұл ақша шашу емес пе? Бұл сұрақтарға Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Айта кетейік, биыл "Алтын белгі" иегері атағына 9 738 мектеп бітіруші лайық деп танылды. Әр төсбелгіні жасауға шамамен 10 мың теңге жұмсалады.

Аймағамбетов бірінші кезекте бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр екенін алға тартты.

"Мәселе мұнда біреуге беріліп отырған "Алтын белгі" емес. Бұл біздің мектептерді бітіріп, 11 жыл бойы жақсы оқып, өз аттестатын алып отырған балаларды қолдаудың бір тетігі деп білу керек, біріншіден. Екіншіден, әрине, сол баяғы Совет өкіметі кезінде "Алтын медаль" деген болды, содан келе жатқан дәстүр ғой. Сондықтан балаларды қолдау, оларға тиісті жағдай жасаудың түрі деп айтуға болады", - деді министр.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап сол "Алтын белгі" иегерлеріне сол атақтан басқа ешқандай басымдық жоқ.

Білім министрінің сөзінше, осы "Алтын белгіге" үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр. Енді олардың 10-11-сыныптың бағалары ғана емес, 5-сыныптан бастап келе жатқан бағалары ескеріледі екен.