Bugin event

Үйлер жаңа тәсілмен басқарылады

«Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот». Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көпқабатты үйлердің жаңа басқару нысанына көшу бойынша тұрғындармен 384 рет жиналыс өткізілді.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шымкентте үйлерді басқарудың жаңа тәсіліне көшу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 51 көпқабатты тұрғын үйде МИБ 139-ында ЖС құрылды. Қазіргі таңда МИБ-ке өту жөнінде 34 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа тәсілін таңдау бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) 27 көпқабатты үй тұрғындарға келісілуге берілді.

Биылғы жылдың 26 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан, 12 көпқабатты тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді. Әзірге 11 серіктестік тіркелген.