Білім және ғылым

«Qabilet қызметі» жобасы басталады

Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында іске қосылған «Qabilet қызметі» жобасы  еліміздің барлық өңірлерінде баланың қабілетін ерте анықтау үшін жұмыс жасайды.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы  «Елбасы Академиясы»  КҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құру, сондай-ақ дарынды балалар мен дарынды жастарды олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру.

Алғашқы кезеңінде 10-11 жастағы балалар қатысады. Қызмет ақысыз әрі барлық оқушыға қолжетімді.

«Елбасы Академиясы» КҚ балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту орталығының жетекшісі Гүлім Жүсіпова: «Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі заманауи тәжірибеге негізделген үздік әлемдік тәжірибені қолдануды көздейтін дарындылық пен ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттілігі - «4K» (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, қарым-қатынас), бірінші кезеңде 10-11 сыныптардың 50 мыңға жуық оқушыларын қамту жоспарланып отыр»- деп мәлімдеді.