Білім және ғылым

Елімізде ғылыммен айналысатын мамандар саны артады

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиеваның мәлімдеуінше, 2025 жылы отандық ғалымдардың санын 32 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Баспасөз мәслихатында Жанна Құрманғалиева «Біздегі күрделі мәселелердің бірі - ғалымдар санының күрт азаюы. Қазіргі таңда елімізде ғылым саласында еңбек етушілердің саны 22 мыңнан сәл ғана асады. Осы орайда Ұлттық жоба аясында 2025 жылы еліміздегі ғалымдар санын көбейтуді яғни кемінде 34 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз. Алдымен ғылым саласын қаржыландыруға қатысты мәселені реттеп алу керек. Бұл мәселені соңғы 2 жылда ерекше назар алып келеміз. Соның нәтижесінде 2020-2021 жылы ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 2 есеге артты. Және отандық ғылым саласына бөлінетін қаржыға тек біздің министрлік қана емес, одан бөлек 9 орталық мемлекеттік орган жауапты», - деп мәлімдеді.