Білім

«Сөзтүзер» сөздігі жарық көрді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен бұқаралық ақпарат құралдары мамандарына арналған «Сөзтүзер» сөздігі жарық көрді.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сурет syrboyi.kz

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Мемлекет басшысы: «Тіл - ұлттың өзегі. Онда халқымыздың бүкіл бітім-болмысы көрініс тапқан. Бай әрі шұрайлы тіліміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елімізбен бірге жасап келеді. Шын мәнінде тіл - жанды ағза іспетті, ұдайы жаңарып отырады. Заман талабына сай жаңа сөздер қосылады. Кейбірі көнеріп, сирек қолданыла бастайды. Бұл - заңды құбылыс. Біз үшін ең бастысы - қастерлі тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасып, уақыт сынынан сүрінбей өткен табиғатын бұзбай одан әрі дамыта түсу. Сауатты жазып, дұрыс сөйлей білетін халықтың тілі ғұмыры болады. Сондай-ақ кез келген салада емін-еркін қолданылады. Тәуелсіздік жылдарында ана тіліміздің өрісі кеңейе түсті. Білім мен ғылымның, интернет пен бизнестің тіліне айналды», - деп атап өтеді.