COVID-19

Қазақстанның медициналық ұйымдары COVID-19 жедел тесттерін кеңінен қолдану мүмкіндігін талқылады

Қазақстандық екі ірі қоғамдық ұйым Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығы және «Орталық Азия медициналық зертханалық диагностика және сараптамалар бірлестігі» ҚҰ (ОАОМЛДЭ) антигенді анықтауды арналған экспресс-тестілерді кеңінен қолдану мәселелерін талқылады.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

ПТР-тестілеу күрделі зертханалық инфрақұрылым мен білікті персоналды талап ететіндіктен, елдегі экономикалық жағдай барлық қазақстандықтардың ауқымды тестілеуден өтуіне мүмкіндік бермейді. 7000 теңге тұратын тестілеу көп азаматтар үшін қолжетімсіз. Оған қоса, нәтижесінің шығуы да бір тәулік уақытты алады.

Осы нәрсеге байланысты медициналық ұйымдар жедел тесттердің қолдану мүмкіндігін талқылады. Экспресс-тесттер нәтижені 15 минут ішінде шығарып береді.

Онлайн кездесуде жедел тесттердің қызметін кеңейтуді ұсынды. Сарапшылар нәтижені тез арада анықтау керектігін айтты.

Қазіргі таңда елімізде «Eco Pharm KZ» деп аталатын экспресс-тестінің бір ғана отандық өндірушісі жұмыс істейді.

ОАОМЛДЭ эксперсс-тесттердің тиімділігін түсіндіріп, тексеру кезіндегі кедергілерден арылтатынын айтты. Оған қоса, зертханалардағы жүктемелердің де азаятынын айтып өтті.

«Бұл тест түрінің артықшылығы өз денсаулығы туарлы жағдайын біліп жүргісі келетін саналы азаматтар үшін айқын плюс. Бұл зертханалық инфрақұрылымға немесе қымбат жабдыққа мұқтаж болмай-ақ қолдануға болатын қарапайым және жылдам сынақтар», - деді профессор, ОАОМЛДЭ медицина ғылымдарының докторы Мұстафа Расулұлы.