Білім

Қарағандылық оқушы DARYN тележобасының жеңімпазы атанды

Қарағандылық оқушы Қазақстан –Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қарағанды қаласындағы «Дарын» орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрсұлтан Таңат Qazaqstan Ұлттық арнасының Daryn зияткерлік телевизиялық олимпиадасында  190 балл жинады.

Телеолимпиадаға Қазақстаннан 310 оқушы қатысып, 132-сі іріктеу кезеңінен өткен. 4 турдан тұрған зияткерлік ойынның әр кезеңінде 12 үміткер бақ сынады. Олимпиада сұрақтары мен тапсырмалары спорт, медицина, ғылым, әдебиет, тарих, өнер, жасандық интеллект секілді бағыттарды қамтыды.

Жоба ұйымдастырушысы: «Біз алдымен онлайн-іріктеу, содан кейін Олимпиадаға қатысатын оқушыларды анықтау үшін арнайы конкурс өткіздік. Балалар Daryn Online бағдарламасының бас серіктесі Айбек Қуатбай өткізген шешендік өнер курсынан өтті. Оған қоса, психологтар балалармен жұмыс істеп, оларды түсірілімге дайындады», – деп айтып өтті.

Видеонұсқаулық