Білім

2 мыңнан астам оқушы дәстүрлі оқу форматына оралды

Алматыда 2 мыңнан астам оқушы онлайн форматтан  дәстүрлі оқу форматына ауысты.

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сурет stan.kz

Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылының басында Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ата-аналарға оқыту форматын таңдау мүмкіндігі берілген. Сол кезде білім алушылардың арасында онлайн форматты таңдағандардың саны аз болды. Яғни, оқушылардың тек 5,6%-ы, яғни 300 мыңнан астам оқушының тек 17 мыңнан кем емес бөлігі онлайн форматта оқуға ниетті болды.

Эпидахуалдың жақсаруын бақылай отырып, екі мыңнан астам оқушының ата-анасы қашықтан оқыту форматынан бас тартып, балаларын мектепке жіберді.

 

Алматы қаласы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада 300-ге жуық мектеп бар екенін атап өтті. Оқушылардың жалпы саны бойынша балалардың сырқаттану пайызы оқу жылы басталғанға дейінгі сырқаттану деңгейімен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Мектептерде балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін кешенді санитарлық шаралар қабылданды. Икемді сабақ кестесі құрылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін қосымша ауысымдар мен әртүрлі уақытта үзілістер ұйымдастырылды. Оқушылардың бір кабинеттен екінші кабинетке ауысуына тыйым салынды. Сабақтар «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.