МӘДЕНИЕТ

Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

 

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жаңа жинақ тарихи жадымызды жаңғыртуға үлес қосып, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға көмегін тигізеді. Еңбекке жазушының барлық шығармалары енген. Сондай-ақ, еңбектерді қазақ және орыс тілінде оқуға мүмкіндік бар.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқырмандарға арнаған үндеуінде Ілияс Есенберлиннің еңбектерін терең зерттеусіз қазақ тарихын білу мүмкін емес екенін атап өтті. Қазіргі таңда жазушының еңбектері 30-дан астам тілге аударылған.