Bugin

Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды

Шымкент әкімі олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері  Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімі  Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын айтып өтті.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған. Мемлекеттік награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстаған болатын.

Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері.