COVID-19

Батыс Қазақстанда 84 сынып карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында оқушылар коронавирус инфекциясын жұқтырып, 51 мектепте 84 сынып карантинге жабылды.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Өңірде 39 қаулыға сәйкес қаладағы 20 мектепте 32, облыс аудандарында 31 мектепте 52 сынып бойынша оқшаулау шаралары қолданылды. Бұл туралы БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлімдеді.

Департамент басшысының мәлімдеуінше, 1 қыркүйектен бері облыс бойынша 275 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде 74 дерек оқу процесінің басталуына байланысты емес. Оған қоса, оқу жылы басталғаннан бері 49 педагогтан жұқпалы індет табылған. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылар, студенттер арасында мониторинг жүргізілетінін, білім беру ұйымдарында «Ashyq« қосымшасы енгізілгенін айтты. Ауру жұқтыру көрсеткіші 5,3 пайызға төмендегенімен, эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз.