COVID-19

Шымкентте өкпесінің 97% пайызын вирус зақымдаған науқас жазылып шықты

Шымкентте өкпесінің 97% пайызын вирус зақымдаған науқас жазылып шықты.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

52 жастағы қала тұрғына Оразбаев Құрманғали  11-қыркүйек күні, сағат 11-лер шамасында өте ауыр хәлде  Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.

52 жастағы азаматтан коронавирус инфекциясы мен өкпесінің 96 пайызы зақымдалғаны анықталған. Бұған қоса пациент өздігінен демала алмағандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

1969 жылғы азаматқа дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсеткен.

 Он күннен аса жансақтау бөлімінде ем алған науқасты дәрігерлер жағдайы жақсарған соң бөлімшеге ауыстырған.

“Жаман ауруға шалдығып, ауыр халде ауруханаға түстім. Менің өмірім үшін аурухананың бас дәрігерінен бастап, барлық медецина ұйым қызметкерлері барынша күресті. Барлығына алғысым шексіз”-дейді қауіпті індеттен сауыққан азамат.

Денсаулығы жақсарған азаматты дәрігерлер бүгін үйіне шығарды.