Bugin

Жарылыстан қираған үйлер қазан айында қалпына келтіріледі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жамбыл облысы Байзақ ауданында жарылыстан қираған үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір үйдің сметасы бекітіліп, кететін шығын мөлшері түгелдей дерлік есептелген. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы. 

- Үйлерді қалыпқа келтіру бойынша 5 жұмысшы тобы құрылды. Оның ішінде мамандар мен сарапшылар, ғылыми зерттеу институтының мамандары, жобалаушлар бар. Үйді жөндеу немесе қалпына келтірмес бұрын оны зерттеуіміз керек. Оның қандай зақымдары бар. Әсіресе, сейсмикалық жағдайға байланысты ертең қайтадан қалпына келмей қалмай ма деген мәселе де бар. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қазан айында барлық үй қалпына келтіріледі. Әрбір үйдің сметасы бекітілген. Оларға қанша шығын кететіні анықталған. Барлығы жазылған 1 млрд. 200 млн. теңге бөлінді. 229 миллион мектепке, 30 миллион жолға, қалған қаржы үйлерге кетеді. Сондықтан, ешқандай құрылыс компаниясы немесе құрылыс мекемесі қаржысыз қалмайды, толығымен алады - деді Бердібек Сапарбаев.