Bugin

Батыл надандар немесе Даннинг - Крюгер синдромы 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Айналаңызда ойланбай және аңдамай сөйлейтін адамдардың бар екенін білетін шығарсыз. Ештеңе білмесе де еш ойланбастан батыл сөйлейтін және қорқынышсыз ең қауіпті жұмысқа кірісетін адамдарды кезіктіргенсіз бе? Мұның психологияда өз атауы бар. Ол Даннинг-Крюгер синдромы деп аталады. Даннинг пен Крюгер есімді психолагтар бұл синдромды анықтайды. Бұл синдром үшін олар емтиханды қиындықпен тапсырған студенттермен сұхбаттасты. Емтиханды нашар тапсырған студенттер “Емтихан қалай өтті?” - деген сұраққа, “Тамаша!”, “Мен барлық сұрақтарды қамтыдым!” - деген сынды сөзбен және жоғары сенімділікпен жауап берді. Емтиханнан сәтті шыққан студенттер “Білмеймін”, “Менің ойымша өте жақсы болмады” - деген сынды сенімсіз жауап қайтарды. Демек, аз ғана ақпаратты білуің өзіңе деген сенімділікті білдіреді.  

Дәл осындай жағдай іскерлік өмірде де байқалады. Біліктілігі төмен адамдар өздеріне сенімді және ең кішкентай жетістіктерді үлкен жетістік ретінде көрсетеді. Олар әрдайым маңызды міндеттерді орындағысы келеді. Алайда, іс жүзінде бұл тапсырмаларды орындау үшін жеткілікті біліктілікке ие емес.  

Ал, біліктілігі жоғары адамдар керісінше кішіпейіл және маңызды тапсырмалар бойынша өз қабілеттеріне күмәнмен қарайды және тапсырманы орындауда өте сақ болады. Даннинг-Крюгер, яғни батыл надандар синдромына шалдыққандар өздерін барлығына лайықты деп санайды. Өйткені, олар өздерінің надан, қабілетсіз екенін қабылдамайды, өздерін жоғары, білікті маман деп есептейді. Бәріміз жұмыста немесе мектепте қабілетсіз адамдарды білеміз, бірақ олар бәрі сәтті деп ойлайды. Мұндай адамдармен жұмыс істеу өте қиын. 

Даннинг-Крюгер синдромына шалдыққан батыл надандарға арнап төмендегі цитаталарды мысалға келтірсек:  

Бертран Рассел - «Біздің әлемнің қиындығы - ақымақ адамдардың өзіне сенімділігі, ал ақылды адамдардың күдікке толы болуы»; 

Лау -Дзи - «Білетін адам сөйлейді, ал шешен білмейді»; 

Уоррен Баффет - «Тәуекел сіздің не істеп жатқаныңызды білмеуіңізден туындайды»; 

Билл Гейтс - «Табысты тойлау - керемет, бірақ сәтсіздіктің сабақтарын тыңдау маңызды»; 

Сократ - «Мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін». 

Жоғарыда келтірілген барлық цитаталар Даннинг-Крюгер синдромымен жанама түрде байланысты. Жалпы алғанда, бұл құбылыстың басты мәселесі көптеген адамдардың жоғарыда аталған сөздердің тереңдігін түсінбеуі және оларды өздеріне қолдана алмауы. 

Кез келген адам өз құзыреттілігін объективті және бейтарап бағалай алмайды. Бірақ, біз таңдаған саланы білген сайын, тиісті мәселені қаншалықты үстірт және нашар түсінетінімізді аңғарамыз. 

Біліктілігі төмен адам өзінің қабілетіне жоғары баға беруге бейім. Бұл өзін-өзі бағалауды «Даннинг-Крюгер синдромы» деп атайды.