Bugin

Қазақстанда жылына 500 млн. дана алюминий банка шығаратын зауыт іске қосылмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда 2021 жылдың соңына қарай алюминий банкалар шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл елдегі алғашқы жобалардың бірі болмақ, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. 

- Біз қазір жылына 700 миллион алюминий банка импорттап жатырмыз. Жобаны іске асыру тамақ өнеркәсібінің ішкі сұранысын 65%қамтамасыз етеді - деді Атамқұлов Үкіметінің отырысында. 

Министр өз сөзінде, зауыттың қуаттылығы жылына 500 миллион дана болатындығын жеткізді. 

Жобаны «KazAlPack» ЖШС жүзеге асыруда. Инвестиция көлемі 23,4 млрд теңгені құрайды, зауытты іске қосу барысында 145 жұмыс орнын ашу қажеттілігі туындайды. 

Жоба «Қарапайым нарықтық экономика» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты - ішкі нарықты жергілікті өндіріс тауарларымен қанықтыру. 

Жоба аясында сыра, шырын, газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарды құюға арналған алюминий банкаларды шығару жоспарлануда.