Bugin

Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» марафоны өтеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкентте «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Биылғы жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр. Дәстүрлі марафон Шымкентте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отыр.

Үшінші мегаполисте өтетін марафонға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым келеді.

10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды.

Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.