Bugin

Қазақстандық телехикая халықаралық байқауда үздік деп танылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық «SHEKER» веб-телехикаясы Пусандағы халықаралық байқауда үздік деп танылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бүгін Оңтүстік Кореяда ASIA CONTENTS AWARDS (ACA) 2021 халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды. SHEKER қазақстандық веб-сериясы Short-form / Web Drama номинациясында жеңіске жетті.

Халықаралық байқау Азия киносының астанасы Пусан қаласында өтті. ASIA CONTENTS AWARDS кинофестивалі Asian Contents & Film Market әлемдік кинотеатрымен қатар өткізілді. Онда жетекші сарапшылар мен продюсерлер ынтымақтастық құрып, қызықты жобаларды құру мен сатып алуды талқылады.

Байқауға қатысу үшін 17 елден 75 түрлі форматтағы 75 телехикая ұсынылды. 12 елден барлығы 28 жұмыс іріктелді.

ШЕКЕР - бұл оқу мәселесін қылмыстық жолмен шешетін студент туралы драмалық оқиға. Бұл драмада жеңіл ақша, есірткі, жастар мәселесі көтерілген.