Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қытай Қазақстанмен жаңа қарым-қатынас орнату үшін күтпеген шарттар қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қытай елі Қазақстаннан өздеріне қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан митингілер мен оған қатысушыларды жазалауды талап етуде.
- Қытай елі Қытайға қарсы митингілер мен пикеттерге қатысушыларды жазалауды талап етуде. Яғни, Қазақстандағы синофобиялық көңіл-күйдің төмендеуін сұрауда. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жалғасуы мүмкін - дейді олар.
Бұл екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңі. Тараптардың бірі серіктес елдің басшылығына мемлекет ішіндегі саяси әрекеттерге қарсы шешім қабылдауы үшін экономикалық қысым жасайды.
Нұр-Сұлтанда қажетті шешім қабылдау процесін ынталандыру үшін Қытай біржақты тәртіппен "Қорғас" және "Достық" кедендік рұқсаттамаларында карантинді қатаңдатуды жариялады.
Бірақ ең қызығы, карантин тек Қазақстаннан келетін жүктер үшін қатаңдатылды. "Бір белдеу – бір жол" жобасы бойынша өтетін транзиттік жүктерді – Еуропадан Қытайға теміржол құрамдары, Қытай кедені басым тәртіппен қарайды. Сондықтан олар іс жүзінде шекарада қалмайды. Алайда, Қазақстанның Қытаймен екіжақты саудасы аясында темір және автомобиль жолдарымен жүретін барлық жүктер бақылауға "ілінген".
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61