COVID-19

Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте  індеттің таралуы азайып,  инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі  қысқартылды.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының   28 жағдайы тіркелді. Бүгінге 397 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 48% құрайды,416 төсек орны бос.


Айта кетейік, Шымкент қаласы  коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша бастапқыдағы 100 пайыз жопсарды орындады. Нақтырақ айтқанда, қалада  вакцина салуға болатын 536 мың адам бар болса, оның барлығына екпе салынды.  Бұған қоса  бұл категорияға  қосымша 60 мың адам қосылды.

Қазірде  қала бойынша  I компонентпен   536 000 адамға, ІІ компонентпен 454 848 адамға вакцинациялау жасалды