Bugin

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында ана мен бала тақырыбы талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазіргі таңда, бала тууылу көрсеткішімен қоса бала өлімі немесе перинаталдық айырулы кезеңдері жайлы естіп жатамыз. Сәбиден айырылу шын мәнінде ата-аналарға әсіресе әйел адамдарға өте ауыр тиетіні сөзсіз. Оның себебі ретінде көптеген жағдай орын алуы мүмкін. Мәселен, психологиялық тұрғыда депрессия, стресс немесе айналадағы тағы басқа факторлар моральдық тұрғыда анаға кей жағдайда үлкен кері әсерін беріп жатады.  

Сол себепті негізге ала отыра, Алматы қаласы Медеу ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы осы мәселені шешу жолында 08.10.2021 ж. орталықта арнайы құрылған телеграм чаттың тұсау кесерін жасап өткен болатын. Бұл кездесуде, «Қалалық перинаталдық орталықтың» «Неонатология» бойынша директордың орынбасары Байтанатова Гульаим Рахметқызы, Клиникалық психолог Акчалова Елена Владимировна, №2 «Балалар үйінің» директоры Қожамқулова Латипа Хамзақызы және Медеу ауданы «Бақытты отбасы» әлеуметтік  орталығының жетекшісі Саметова Толқын Толеушайыққызы осы тақырыпты келген аналармен талқылады. 

Талқыланған басты мәселелерге тоқталсақ, олар: 

- Жаңа туылған сәбилердің өлімі; 

- Ата – аналарға психологиялық және дәрігерлік тұрғыдан, бот арқылы көмек; 

- Психологтың аналарға көмегінің маңыздылығы 

- Қолдау мен қомқорлық; 

- Ана атану жолындағы ұқыпты әрі  сапалы психологиялық сүйемелдеу; 

- Ананың өзін қауіпсіздікте сезінуі 

Яғни осы мәселелерді шешуде басты көмекші құрал ретінде Телеграм чаттың енгізілуі көзделіп отыр. Өйткені қосымшадағы психологпен немесе дәрігермен 24/7 тәулік бойынша консультация алу және оның анонимді болуы таптырмас құрал.  Сондай – ақ, көзделген басты мақсат, қолданушы ананың тұрғын орны, мекен –жайы, материалдық жағдайына қарамай, сапалы әрі өте пайдалы қолдау алуға көмек беру.  

- Бұл мәселе жоғарғы деңгейге, ауқымды кезеңге өту керек. Себебі бұл жағдай тек бір адамға ғана тәуелді емес. Ортақ күшпен дамытып, құрылымын өзгертуге ат салысуымыз қажет»-дегендей, бұл мәселені ауқымды аудиторияға жеткізу арқылы, аналарымызға көмек көрсетіп, чат арқылы өздеріне бір қолдау алуына барынша тырысып, дамыту қажетпіз - деді Пресс-конференцияда Гульаим Рахметқызы.

Анықтама: Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан көп балалы аналардың әлеуметтік орталығы. Орталық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкүндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға қызмет көрсетеді. Аналарға атаулы әлеуметтік көмекке тәуелді болмай, әйелдердің дамуына арналған тегін курстар мен бизнес бастау үшін грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.