Bugin

Қазақстандық хоккейші ең жоғары ақы төленетін ойыншылар көшін бастады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Спорт-Экспресс" сайты Қазақстан Хоккей лигасындағы ең жоғары ақы төленетін ТОП-150 ойыншыны таныстырды. Олардың ішінде қазақстандық "Барыс" командасының капитаны Даррен Диц көш бастады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Елордалық клуб пен Қазақстан құрамасының қорғаушысының жалақысы жылына 597,34 миллион теңгені құрайды.

Айта кету керек, Диц мәскеулік "Динамо" шабуылшысы Дмитрий Яшкиннің НХЛ - "Аризона"клубына кетуінен кейін лиганың ең қымбат ойыншысы болды.
Даррен рейтингте екінші орын алған ҚХЛ үздік бомбардирі Вадим Шипачевтен (567,47 миллион теңге) озып шықты.

Айта кетейік, тізімге "Барыстың" тағы бір өкілі - швед шабуылшысы Якоб Лилья енді, оның жылдық табысы 209,07 миллион теңгеге тең.