Bugin

Қазақстандық спортшының қарсыласы: «Қазақтарды тізе бүктіремін»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Анголалық файтер Манел Кап қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен UFC-дегі жекпе-жек алдында тым батыл мәлімдеме жасады. Бұл  туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Мұның алдында ол қарсыласын бешбармаққа теңеп, жеп қоямын деп сес көрсеткен. Бұған Жалғас мұндай қорқытулар өтпейтінін айтып жауап берген еді.

Бірақ Кап мұны түсінбеген сияқты.

- Мына оң тізем қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсан қазақтарды тізеге отырғызамыз - деп жазыпты Манел Instagram желісіне жаттығудағы суретін жария етіп.