Bugin

Тоқаев TikTok пен Instagram-дағы жобаларды қолдады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында жасөспірімдердің бос уақыты пайдасыз дүниеге кетіп жатқанын айта келе, бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекет басшысының сөзінше, балалар бос уақытын тиімді пайдалана алмайды, ал ата-ана мен мұғалімдер болса оларды әрдайым қадағаламайды. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін елімізде жаппай балалар спортын дамытуға, сондай-ақ балалар театрларын ашуға шақырды.

«Балалар арасында таланттар көп. Жезқазғанда балалардың домбырада ойнағанын көрдім, оларға қолдау көрсету керек. Сіздің «Біздің өлке тарихы» TikTok жобасына қатысты ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл – жақсы жоба. Қазір жастар негізінен TikTok және Instagram-да отырады, бұл өмір шындығы. Осы шындыққа сәйкес, балаларымыздың көңіл-күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік», - деді мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың біріне.

TikTok-тағы патриоттық жобаны құру идеясын Ақмола облысының поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Наталья Нагачевская ұсынған болатын. Оның ойынша, жоба интернетті қажетті және пайдалы бағытқа бағыттауға көп көмегін тигізеді.