Bugin

Назарбаев өкілеттілігін тоқтататынын кімге бірінші айтқан?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататыны кімге бірінші айтқанын хабарлады, - деп жазады Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Назарбаев Хабар арнасындағы «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде айтты. 

«Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. «Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім» дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ», - деді экс-президент.