Bugin

Тұрғын үй мәселесі оң шешімін тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданының 192-орамында орналасқан  бес қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

2021 жылдың наурыз-сәуір айларында бұл үйлерге тұрғындар қоныстанып, тұрақты ауызсу, кәріз, электр қуаты, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген болатын. 

Алайда, қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты тұрақты газ жүйесімен қамтамасыз етілген жоқ. 

Өйткені,  тұрғын үйлердегі жобаға сәйкес автономдық жылу жүйесі жүргізілуіне байланысты жылу қосылмаған.  

Осы себепті, тұрғындар арасында наразылық туындап, бұл мәселе шиеленіске ұласып отыр. Осы мәселені оң шешу мақсатында қала әкімінің орынбасары М. Айманбетов тұрғындармен жиналыс өткізіп, ертеңнен бастап КазТрансГазАймақ АҚ-ның мамандарымен тексеру жұмыстары жүргізілетін болды. 

Яғни, тұрғын үйлерде орнатылған автономдық қазандықтар  тексеруден өтіп, кемшіліктер болмаған жағдайда тұрғын үйлер тұрақты газ жүйесіне қосылады. Ал ақаулар орын алған жағдайда, 25 қазанға дейін жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді осы үйлердің құрылысын жүргізген мердігер мекеме қалпына келтіретін болады.