Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]20-22 қазан аралығында Нұр-сұлтан қаласында өткен «KazAgro/KazFarm-2021» көрмесінде мысықтарды COVID-19 індетінен қорғайтын вакцина таныстырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталмыш препараттың атауы - NARUVAX-C19.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновтың айтуынша, бұл ветеринарлық вакцинаның пайда болуы SARS-CoV-2 вирусының спецификалық кедергіні жеңіп, иелерінің шеңберін кеңейте алатындығына байланысты болып отыр. Біздің кейбір үй жануарымыз, атап айтқанда, мысықтар осы инфекцияға бейім және вирустың мутациясына өз үлесін қоса алады.
«NARUVAX-C19 (pets) вакцинасын мысықтарда жан-жақты сынақтан өткіздік. Нәтижесінде SARS-COV-2 вирусынан қорғауды қамтамасыз етті. Сондай-ақ ол COVID-19 вирусының дельта штамм антиденелерін бейтараптандыратын жоғары титрлердің пайда болуына себеп болды», - дейді Қайсар Табынов.
Айта кететін жайт, жануарларға арналған коронавирусқа қарсы екпе құрамы бойынша адамдарға арналған екпеден мүлдем өзгеше.