Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]22 қазан күні кешке Нұр-сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 21 жастағы жас ана бір жарым жасар баласымен бірге 12-қабаттан секірмекші болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сағат 17:30-да Куприн көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконда отырған қолында баласы бар әйелді байқаған. Әйел балконнан секіріп кетпекші болған. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, жоғарыға көтерілген. Есік саңылауынан әйелдің оны байқамайтынына көз жеткізіп, тез барып оны ұстап қалған, – делінген Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әйелдің айтуынша отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке барған.