Bugin

Әлем біріншілігі: Қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінен тікелей көрсетілім

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

27 қазан күні қазақстандық былғары қолғап шеберлері Асланбек Шымбергенов пен Бек Нұрмағанбет Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екеуі де жекпе-жегін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталатын күндізгі сессияда өткізеді. Оны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/32 финалда Иран боксшысы Фархад Моради Аташгахпен кездеседі, ал Нұрмағанбеттің 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалдағы қарсыласы бразилиялық Кено Мачадо болмақ.