Bugin

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алдағы күндері Солтүстік циклон және атмосфералық фронттар әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі, еліміздің солтүстік және орталық аудандарында көктайғақ, 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі.

«Сондай-ақ, республика бойынша тұман болады деп болжанған. Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8 градусқа дейін, күндіз негізгі фон 5-15 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3 градусқа дейін, күндіз 3-10-нан 0-8 градусқа дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8 градусқа дейін, күндіз 0-10-нан 2-13 градусқа дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5 градусқа дейін, күндіз 2-13-тен 0-13 градусқа дейін, 5-15 градус болады. Оңтүстікте түнде 5 градус аяз - 8 градус жылы, күндіз 7-15 градус жылы, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5, күндіз 10-18-ден 7-15 градус аралығында ауытқиды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.