Bugin

Димаш Пекин Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанатында ән айтады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Танымал әнші Димаш Құдайберген 4-20 ақпан аралығында Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының қонағы ретінде шақырылды. Аталмыш ауқымды шараға сонымен қатар Қытайдың ең танымал актері Джеки Чан да қатысады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Instagram-дағы Dimash.onelove фан-парақшасында жазылды.

Димаш Пекин Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанатында ән салады. Талантты әнші Уильям Чан, Энди Лау сынды Қытай жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді. Сонымен қоса бұл дүбірлі шараға әлемге әйгілі Андреа Бочелли қатыспақ.