Bugin

Елімізде жануарлар заңмен қорғалады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мәжілістің жалпы отырысында мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экология министрі Брекешевтің сөзінше, аталмыш заңда жануарларды асырауға және тасымалдауға, өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу қарастырылған.

«Заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды. Иттерді төбелестіру, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, оларға уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау әрекеттері жатады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қабылдау барлық тіршілік иесіне адамгершілік пен ізгілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бүгін біз жануарларды қорғау міндетін ғана шешіп қоймай, болашақ ұрпақ үшін вектор орнатамыз», - деді министр Серікқали Брекешев.