Bugin

Қазақконцертке Роза Бағланованың есімі берілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұр-Сұлтандағы Орталық концерт залына Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың есімі берілді, - деп хабарлайды Bugin.kz.

«Роза Бағланова Қазақконцертте 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен. Қазақконцерттің негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты.Бұл қадам Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз», - делінген ҚазақКонцерттің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.