Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Bugin Holding компаниясының атқарушы директоры, IT – маманы Арман Абдиев IT – саласына қатысты ең маңызды 7 сұраққа жауап берді.
IT - маманы қандай программалау тілін меңгеруі керек? 
- IT - саласында 100- ге жуық программалау тілі бар. Жыл сайын ол тілдер өзгеріп отырады. Бір тілдің өзін жақсы білу жеткілікті.
IT - саласының қай бағытын жетілдіру керек? 
- Жақсы IT - мамандар шет елге жұмыс істеуге кетіп жатыр. Сол үшін Қазақстанда ішкі нарықты дамыту керек.  Әлемдік тәжірибені толық игеру керек.
IT -  маманы қандай қасиеттерге ие болуы керек? 
- Уақыт өткен сайын заман талабы да өзгеріп жатыр. IT - маманы үздіксіз білім алуы керек. Олардың потенциалы маңызды. Жаңа дүниені үйренуге деген құлшыныс пен шыдамдылық та керек. 
 IT - маманына сұраныс қаншалықты?
- Елдегі үлкен мәселенің бірі - IT маманының аздығы. Олар  әлемдегі ең қажетті мамандықтар тізімінде топ бастап тұр. Сол себепті, ішкі , сыртқы нарықта да сұранысқа ие. 
IT - маманының табысы қанша? 
- IT -  маманының тәжиребесіне байланысты 3 түрлі типке бөлінеді.  Junior, middle, senior. 
Junior маманы 300 000 – 500 000тг,  middle  маманы 500 000 – 1 000 000тг, ал senior мамандары  
миллионнан аса табыс таба алады.
IT - маманы болуы үшін қандай пәндерді оқыған дұрыс? 
- Ол ушін математика, физика пәндерін жетік білуі керек.  
 IT - саласындағы қолайсыздықтар
- Денсаулыққа қатысты қолайсыздықтар болады. Отырып жұмыс жасағандықтан арқа ауруы болуы мүмкін. Оған қоса көру қабілеті де нашарлайды.