Әлем

Өзбекстан әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы (Узкомназорат) Өзбекстаннан тыс жерде Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін сақтау және өңдеуге байланысты бірқатар басқа әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Өзбекстанда жеке деректер туралы заңнаманы бұзушылардың тізіліміне TikTok-тан басқа Twitter, VKontakte және Skype, Telegram, Facebook, Odnoklassniki, YouTube және басқа да әлеуметтік желілер қосылды. Олардың елдегі жұмысы шектеледі.

Реестрде Узкомназораттың 2 шілдеде әлеуметтік желілерге нұсқау жіберілгені көрсетілген. Содан кейін инспекция 2 қарашада ұйғарым жіберіп, 3 қарашада олардың жұмысын шектеді.

Сағат 19:15 шамасында басылым Telegram желісіндегі баяулау туралы алғашқы хабарламаларды алды. Кейін Өзбекстанда Facebook, Instagram және басқа да әлеуметтік желілердің жұмысында үзіліс болғаны туралы ақпарат тараған.

Күні кеше, 29 қазанда Өзбекстан президенті жеке деректер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды. Түзетулер күшіне енгеннен кейін, үш айдан кейін кіруі шектелген әлеуметтік желілер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.