Bugin

Қазақстанға 4 миллион «Pfizer» келе жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Осы жылдың 8 мен 14 қарашасы аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Келесі аптада Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Көлемі – бұған дейін жарияланған келісімшарттағы міндеттемелерге сәйкес келеді. Бұл 2 миллион адамға 4 миллион вакцина», - деді Шоранов үкімет кулуарында.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады.