МӘДЕНИЕТ

Атыраулық суретші Әділқайыр Жантасов дүниеден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атыраулық танымал суретші Әділқайыр Жантасов өмірден өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Атырауда тұратын танымал суретші, «Мұрат Мөңкеұлы» портретінің бір нұсқасының авторы, өр мінезді азамат Әділқайыр Жантасов ағамыздың қылқаламы қолынан түсіпті... Қолтаңбасы бөлек қайталанбас тұлға еді. Ешкімге ұқсамайтын, еліктеу дегенді білмейтін. Махамбет мінезді майталман еді. Бояуға жүрегін малып отырып жазатын. Күллі жұрт суретшінің шығармашылық отауын «шеберхана» десе, ол жалғыз өзі ғана «шеберпана» дейтін-ді. Ханасы да, панасы да сол еді. Сол енді... Шебері жоқ шеберхана бүгін қатты құлазып тұр...» - деді ​​Бауыржан Омарұлы өзінің фейсбук парақшасында.

Әділқайыр Жантасов – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі (1992). Ол Алматы көркемсурет училищесін (1981), Алматы мемлекеттік театр көркемсурет институтын (1986) бітірген. Бірнеше портреттік туындылардың («Мұрат Мөңкеұлы», «Шоқан Бейбарыс» т. б.), картиналардың («Исатай-Махамбет», «Қансонар» т. б.) авторы.