Қоғам

Ресей Қазақстанның жерін қайтарып берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресей Қазақстаннан жалға алған Атырау облысындағы жерлердің негізгі бөлігі жақын арада мемлекеттік қорға қайтарылады.  Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысының Қызылқоға ауданында 25 жыл бойы РФ қорғаныс министрлігі 750 мың гектарға жуық жерді жалға алған. Онда жиырмадан астам ядролық жарылыс болды. Полигон ұзақ уақыт пайдаланылмады.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 624,6 мың га жер (83,3%) қайтарылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша қайтарылған 624,6 мың гектар жердің экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығын жүргізуге жарамды екені белгілі болды.