Bugin

Сараптама жүргізілуде: «1 сынып оқушыларына «өл», «си» сөздерін жазу тапсырылған»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Көп уақыт бұрын әлеуметтік желіде "Менің алтын жазу үлгім" дәптеріндегі "Өл" сөзі дау тудырған болатын. Аталған жағдайдан соң дәптерді шығаратын 8&8 басылымына сауал жолданған еді. Компания өкілдері жауабында филологиялық сараптама жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

- Жақын арада филологиялық сараптама нәтижелерін аламыз. Осы нәтижелердің негізінде жазбаша түрде жауап беріледі, - деді 8&8 өкілдері.

Еске салайық, "Менің алтын жазу үлгім" дәптеріндегі "Өл" сөзі дау тудырған болатын. Ата-аналар бұл жағдай шектен шыққандық екенін айтып, жағымсыз сөзді балаға жаздыртудағы мақсат қандай екенін сұраған.

Оқиғаға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері бұл жазу дәптері бекіткен мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне енгізілмегенін хабарлады. Сондай-ақ, дәптер мемлекеттік сараптамадан өтпеген.