Қоғам

Қазақтың арғы бабасының келбеті қалпына келтірілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтөбе облысындағы Құмсай қорымынан табылған қазақтардың бабасының келбетін белгілі антрополог Алексей Невчалода жаңғыртты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Антропологтың айтуынша, оның бойы екі метрге дейін жетеді. Жасы 50 шамалас. Құмсайдан шыққан «қазақтың арғы атасы» аталық тізбегі арқылы таралатын Y хромосома Q1a2b2 гаплотобына жатады. Қазір Солтүстік және Батыс Еуропада кең таралған. Ал оның ұрпақтарының біразы қазір түркі халықтарының арасында өмір сүріп жатыр.