Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралары өтеді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Іс-шара 17 қараша мен 17 желтоқсан аралығын қамтиды. Жоспар бойынша әр күнге өзіндік атаулар беріліп, атауларға сәйкес мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Жоспар негізгі 6 бағытқа бөлінді. Олар:
•    «Ұлттық құндылықтарды дамыту бағыты» - 15 іс-шара;
•    «Білімді жастарды қолдау бағыты» - 13; 
•    «Мәдениет саласын дамыту» - 22;
•    «Кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру бағыты» - 8;
•    «Азаматтарды әлеуметтік қолдау бағыты» - 7;
•    «Мерекеге орай ашылатын нысандар» - 31.
Сонымен қатар, әр күннің өзіндік атауларын Тәуелсіздік жылдарымен байланыстыра отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-та кеңінен насихаттау жүргізіледі.