Bugin

Фетхуллах Гүленнің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ислам дінінің уағызшысы әрі қоғам қайраткері Фетхуллаһ Гүленді 17 қарашаға қараған түні у беріп өлтірген деген ақпарат тарауда. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Онымен бірге Пенсильваниядағы жылжымайтын мүлікте болған оның жақтастарының бірі қайтыс болды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. 

Бірқатар ақпарат құралдары түрік оппозициялық ФЕТО ұйымы жетекшісінің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығаруда. Мәселен, журналист Эмре Услу өзінің Twitter парақшасында жеке ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Гүленнің өлімі туралы деректердің жалған екенін жазды. Қоғам қайраткерінің жақын серігі Джевдет Түрікйолу өз кезегінде уағызшының тірі екенін, ал қастандық туралы қауесеттер ойдан шығарылғанын айтқан видео жариялады. 

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болып, оның салдарынан путчшылардың өзін есептемегенде 248 адам қаза тауып, 2,7 мыңнан астамы жараланған. Түркия билігі бұл оқиғаға өзі басқаратын FETO оппозициялық ұйымы арқылы әрекет еткен ислам уағызшысы Фетхуллаһ Гүленді айыптады. Уағызшы төңкеріс әрекетінде өзінің кінәсіз екенін алға тартты.