МӘДЕНИЕТ

Дәстүрлі әнші Нұрдәулет Ниязбекпен кездесу өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еңбекші аудан жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі әнші Нұрдәулет Ниязбекпен кездесу өтті.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Кездесудің мақсаты: ұмытылып бара жатқан дәстүрлі әндерді дәріптеу. Студенттерді дәстүрлі ән өнерімен таныстыра отырып, әншінің шығармашылық еңбек жолдарын студент жастарымызға үлгі ету, дәстүрлі ән өнерін жастардың арасында насихаттау.

Кездесу өте әсерлі мағыналы өтті. Жастар әншінің өмірбаяны және шығармашылығымен танысып, көкейтесті сұрақтарын қойып, рухани азық алды.

Кездесуде барлық санитарлық эпидемиялогиялық талаптар сақталды.