Қоғам

Алматы облысының әкімі ауысты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев  1969 жылы 8-қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

  • 1993 ж. – жекеменшік компанияның экономисі.

  • 1994 ж. – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

  • 1997 ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

  • 1998 ж. тамызынан – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

  • 2000 ж. наурызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

  • 2001 ж. қаңтарынан - «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

  • 2001 ж. мамырынан - «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

  • 2003 ж. наурызынан – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

  • 2007 ж. тамызынан - «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.

  • 2009 ж. 30 қарашадан – Жамбыл облысының әкімі.

  • 2013 ж. желтоқсаннан – Павлодар облысының әкімі.

  • 25.03.2016 жылдан бастап – Қазақстан энергетика министрі қызметін атқарған.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61