Әлем

Парламент президенттің отставкаға кетуін сұрады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Перу парламенті Конгресске қазіргі президент Педро Кастильоның отставкаға кетуін сұрады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, қазіргі Президенттің елді басқаруға «моральдық қабілетсіздігі» туралы ұсыныс 28 заң шығарушының қолымен ұсынылды. Бастама авторлары Мемлекет басшысын Хунин аймақтық Үкіметінің қаражатын сайлау науқаны үшін заңсыз пайдаланды деп айыптайды.

Президент Әкімшілігі түсініктеме беру туралы өтінішке жауап берген жоқ, бірақ Кастильо Хауха Анд аймағында сөйлеген сөзінде бұл мәселеге алаңдамайтынын айтты.

«Мені саяси шу мазаламайды, өйткені адамдар мафия немесе жемқорды емес мені таңдады. Менің жүрегім тыныш», - деді ол.

Агенттіктің мәліметінше, президентті отставкаға кетіру үшін 130 заң шығарушының 52 дауысы қажет болады.